Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушісін соққыға жыққан бұзақыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнекөріністе №60 бағыттағы автобус аялдамаға тоқтаған сәтте екі жігіттің жүгіріп келіп, жүргізушіні бас-көзге қарамай ұрып жатқанын көруге болады.
Бұзақылар араша түскен кондукторды да сабап тастаған. Қалалық полиция департаменті қызметкерлері істің мән-жайын тергеп, тексеріп жатыр. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушіге сот- медициналық сараптама тағайындалды
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте жүргізушіні соққыға жыққандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168158/)