Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елі» атты көп сериялы фильм түсірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елі» атты көп сериялы фильм түсірілмек

06.03.2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елі» атты көп сериялы фильм түсірілмек

Көркем фильмде Қазақ хандығының құрылу кезеңдері толық қамтылады. Еуразия кеңістігіндегі көшпелі тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтанның төңірегіне топтасуы, олардың дербес хандық құруы суреттеледі.

 Шілдеден түсірілім жұмыстары басталып, желтоқсан айында көрерменге жол тартады. Тарихи туындының сценариін жазған Смағұл Елубай. Кинорежиссер - Рүстем Әбдірәшев пен Ермек Тұрсынов. Көркемдік кеңестің шешімімен фильм Алматы облысының аумағында түсіріледі. 

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу