Индонезиядағы Бандунг қаласының полиция бөлімшесінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Тағы жетеуі жараланған. Мұны «Ассоушиэтид пресс» хабарлап отыр. Оның дерегінше, мерт болғандардың біреуі – бомбаны іске қосқан адамның өзі, екіншісі – полиция офицері.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал шабуылшының қандай да бір радикалдық топқа қатысы бар-жоғы әлі анықталған жоқ.
Индонезия – әлемдегі ең ірі мұсылман мемлекеті. Бұған дейін тәртіп сақшыларына «Даиш» тобы талай рет қастандық жасаған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Индонезияда жарылыстан екі адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168165/)