Германияда билікті құлатуды жоспарлады деген күдікпен әсіре оңшыл террористік топтың 25 мүшесі ұсталды. Олар полиция жүргізген рейдтік шаралар кезінде қолға түскен. Тағы 27 адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл операцияны 3 мыңдай полиция қызметкері 11 федералдық штатта жүргізді. Ұсталғандардың арасында бір сарбаз бен запастағы бірнеше жауынгер бар. Тергеу деректеріне сай, күдіктілер - бір жыл бұрын құрылған лаңкестік топтың мүшелері. Олар Бундестагқа шабуыл жасауды және депутаттарды кепілге алуды жоспарлаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Германияда билікті құлатуды жоспарлады деген күдікпен террористік топтың 25 мүшесі ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168187/)