Астанада ауыл жастарының IV форумы өтті. Әр аймақтан келген белсенділер ауылдағы жастар саясаты, кадрлар әулеті сынды мәселелерді айтып, тұшымды пікірлерді ортаға салды. Мәселен, елді-мекендерде кадр тапшылығы сезіледі. Жалпы туған жерінде қалып, жұмыс істеймін деген жас маманға жағдай жасалады. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына өзгеріс енгізу жайы да сөз болды. Сондай-ақ, форумда өз өнімін Қырғызстан мен Ресейге экспорттап жатқан мамандар тәжірибесімен бөлісті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ауыл жастарының IV форумы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168190/)