Португалия құрамасы Швейцарияны айқын басымдықпен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалия құрамасы Швейцарияны айқын басымдықпен жеңді

07.12.2022

Португалия құрамасы Швейцарияны айқын басымдықпен жеңді. Бұл матчта әлем біріншілігіндегі алғашқы хет-трик тіркелді.

Португалиялық Гонсалу Рамуш үш голдың авторы атанды. Бұған дейін бұл көрсеткіш неміс шабуылшысы Мирослав Клозеге тиесілі еді. Сондай-ақ Португалия құрамасының қорғаушысы Пепе – Play-off кезеңінде гол соққан ең егде футболшы атанды.

Пепенің жасы - 39-да. Ол ойынның 33-ші минутында есепті еселеді. Ал Португалияның бас бапкері Фернанду Сантуш «Пепе әрқашан көшбасшы. Ол менің оң қолым» деп пікір білдірді.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу