Астанада 239 аумақтық сайлау комиссияларының басшылық құрамы жиналды. Өңірлерден келген 300-ге жуық делегат сайлау заңнамасы және оны сайлау процесінде қолдану тәжірибесі бойынша семинарға қатысып жатыр. Шараның мақсаты – сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру. Семинар барысында сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірілді. Сонымен қатар, саяси партиялармен, масс-медиа өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да сайлау процесінің қатысушыларымен өзара қарым-қатынас машықтарын дамыту бойынша тренингтер өткізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер түсіндірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168203/)