Украина президенті Владимир Зеленский жыл адамы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президенті Владимир Зеленский жыл адамы атанды

08.12.2022

Америкалық «Тайм» журналы Украина президенті Владимир Зеленский – «Украина рухын» жыл адамы деп атады.

Басылым мұқабасына өз отанын қорғап жүрген қарапайым украиналықтардың суреттерін шығарған. Журнал Зеленскийдің соғыс басталғанда ешқайда қашпай, елінде қалғанына тоқталды. «Бұл Украинаның саяси жетекшілігіне үлгі болғанын атап өткен. Бұған қоса, «Тайм» украиналықтардың көбі қолға түскен қаруды алып, басқыншылардан қаласын, ауылын қорғауға қатысқанын да жазды.

Былтыр аталған басылым Илон Маскты жыл адамы деп жариялаған еді.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу