Елордада халық қаһарманы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне оқу залы ашылды.
Кабинет ғарыштық дизайнда жасалып, ерекше құрылғылармен жабдықталған. Онда ғарышкердің жеке мұрағатынан эксклюзивті суреттер, скафандр- костюмінің түпнұсқасы, Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшқан скафандры, зымыран тасығыш макеті қойылған.
Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, жастар және Тоқтар Әубәкіров қатысты.
Тоқтар Әубәкіров, ғарышкер:
Бұл біріншіден, маған емес, сіздерге, біздің халыққа керек. Болашағымызға керек. Жаңа Қазақстанға керек. Осындай ойларды іске асыра беріңіздер. Жасай беріңіздер. Осында келген балалардың қанаты мықты болып, биікке ұшсын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне оқу залы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168223/)