Паралимпиадалық хоккейден Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті.
Тайланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан әлем чемпионатында отандастарымыз алаң қожайындарын 7:0 есебімен қапы қалдырды. Байрақты бәсекеде біздің спортшылар С пулында өнер көрсетеді. Бүгін олар Франция құрамасымен, ал 10 желтоқсан күні австриялықтармен, 11 желтоқсанда Ұлыбритания спортшыларымен ойнайды.
Спорттың бұл түрінен әлем чемпионатына қазақстандықтар бірінші рет қатысып отыр.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық құрама паралимпиадалық хоккейден әлем чемпионатын сәтті бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168224/)