«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да қайғылы жағдай. Компанияға қарасты металлургиялық комбинаттың цехындағы газ желісінде еңбек ететін 1982 жылғы азамат мерт болды. Оны жүк артатын техника басып кеткен. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
Бұл - қараша айынан бері осы компанияға қарасты өндіріс орындарында болған үшінші қайғылы жағдай.
Еске салсақ, 3-і қарашада Ленин шахтасында метан газы жарылып, 5 адам қаза болған еді. Бірнеше күннен соң «Қазақстан» шахтасының аумағында тағы бір жұмысшы қайтыс болған.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшысы қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168235/)