Қатар-2022: Әлем чемпионатын тамашалауға келген жанкүйерлерге арналған керуен шаһар салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Әлем чемпионатын тамашалауға келген жанкүйерлерге арналған керуен шаһар салынды

08.12.2022

Қатар астанасы Дохада футболдан Әлем чемпионатын тамашалауға келген жанкүйерлерге арналған керуен шаһар салынды. Қонақ үйлер келушілерге жеткіліксіз болуына байланысты, ұйымдастырушылар 2 айдың ішінде жылжымалы вагон-үйлерден тұратын қалашық тұрғызған.

Мұнда жалпы саны 1500 жылжымалы вагон-үй бар. Олар рет-ретімен көше бойында орналасқан. Үйлердің үш түрі бар, бір, екі және үш жұлдызды. Олардың бағалары да әртүрлі. Бір тәулікке төлейтін сома 55-90 мың теңге арасында. ӘЧ алғашқы күнінен бастап барлық үйге жанкүйерлер қоныстанып үлгерген.

Маған бұл жерде барлығы ұнайды. Мұндай үйде бірінші рет тұрып жатырмын. Бәрін жақсы ойластырып жасаған. Футбол жанкүйнрлерімен бірге тұрған керемет. Біраз адамдармен танысып, дос болып кеттім. Роналду мен Месси үшін маңызды мундиальді көріп жатқаныма қуаныштымын.

Жанкүйерлер қалаған қажеттінің бәрі бар. Дүкен, дәріхана, 40-қа жуық дәмханалар, футбол көретін үлкен лэд экран. Бос уақытта волейбол, шағын футбол, теннис те ойнауға болады. Ал матч болатын күні автобустар келіп жанкүйерлерді тегін стадионға жеткізіп те салады.

Ерсін Ерік

Хабарламаларға жазылу