Жапонияда бомбадан қорғайтын үйлерге сұраныс артты. Бұған Солтүстік Кореяның зымыран сынағы, әсіресе Украинадағы қарулы қақтығыс түрткі болып отыр.
Тұрғындар өз отбасының қауіпсіздігіне алаңдайды. Қорғасынмен қапталған «Дағдарыс-1» атты темір қораптар зымырандардың тікелей түсуі мен ядролық жарылыстан басқа қауіптің барлығынан қорғай алады.
Ал сүзгілеу жүйесі радиация мен улы газға тосқауыл. 3 тонналық мұндай үйдің бағасы - 44 мың доллар.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда бомбадан қорғайтын үйлерге сұраныс артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168289/)