Абай облысында аязды күні далада қалған жолаушылар құтқарылды. «Зайсан-Өскемен» бағытына қатынайтын автобустың ішінде 44 адам болған. Олардың 36-сы бала. Құтқарушылар жолаушыларды түгелдей жақын жылыту бекетіне жеткізген. Сондай-ақ «Қалбатау- Ақжал» жол учаскесінде «Nissan» маркалы жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушыларға хабар берген. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көлікті және ішіндегі екі адамды сол маңдағы жақын елдімекенге жеткізді.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай облысында аязды күні далада қалған жолаушылар құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168333/)