«Ұлттық құндылық - рухани күш». Осындай айдармен Тәуелсіздіктің 31 жылдығы мен мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында мерекелік шара өтті. Мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық нышандарға құрметпен қарауға шақыру.
Жиында елге еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Арасында мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков те бар.
Жандарбек Мәлібеков, ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы:
Бүкіл Қазақстан халқын мерекемен құттықтап қойғым келеді. Қазақстан халқы өсіп-өрлеу дәуіріне келіп жетті, бірлігіміз бен ынтымағымыз, бейбіт мемлекетіміз жасай берсін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәуелсіздік күніне орай елордада ұлттық құндылықтар насихатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168364/)