Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне орай бүркітшілер жарысы өтті. Осымен 21-ші рет ұйымдастырылған сайысқа Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия және Ресейден келген құсбегілер қатысты.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылардың киімі, құрал-жабдықтары бағаланды. Құсты ұшырып, қайта қолға қондыру әдісі қаралды. Сосын шырға тарту, яғни қанаттылардың аң алуы сыналды.
Жарыс қорытындысы бойынша 60-тан астам құсбегінің арасынан Алматы облысынан келген Сейітжан Аян үздік атанды. Қаршыға мен ителгі баптағандардың арасында да мықтылар анықталды.
Медет Шәріп, құсбегі:
Құсбегілік атам қазақтан қалған ұлттық өнеріміз. Сол үшін бәріміз қазір Қазақстанда көбінесе жас балалар жақсы айналысып жатыр. Кем дегенде 100-ден асып қалды құсбегілер саны, жастардан, үлкен ақсақалдар бар. Бұны мен бақпасам, сіз бақпасаңыз, онда бұл қазақтың өнері өледі. Енді қазір өзіміздің балаларды тәрбиелеп жатырмыз осы өнерге.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында «Қансонар» халықаралық жарысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168403/)