Алматыдағы Наурызбай ауданы халқын сапалы ауыз сумен қамту мәселесін шешу мақсатында 2 су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. 100 шақырымнан астам инженерлік желілер қамтылған. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында айтылды.
Жиынға Ұлттық экономика вице-министрі қатысты. Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне өңірлерді аралап, халықпен тікелей жүздесіп, мұң-мұқтажын тыңдауды тапсырған еді. Бұл ретте Ілияс Өсеров Наурызбай ауданы тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді назарына алуға уәде етті.
Ілияс Өсеров, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Наурызбай ауданының ең бірінші мәселесі - сумен қамтамасыз ету. Бірнеше шағын аудан әлі де су мәселесі, водовозбен тасып жүр. Оны бірінші шешу керек.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сапалы ауыз сумен қамту - басты назарда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168492/)