Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Ол елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берді. Елорданы газбен қамту, тұрғын үй алаптарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау мен инвестиция тарту мәселелері туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымының барысын бақылауда ұстау мен бас қаланы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ, Президент Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Ол аймақтың 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде есеп берді. Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына айрықша назар аударылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168502/)