Елімізде сегіз су қоймасы салынады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Су кеңесінің отырысында айтылды.
Құжатта су кодексін әзірлеу, су ресурстары жөніндегі ғылыми орталық құру және су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту көзделген. Сондай-ақ 16 апатты су қоймасын реконструкциялау жоспарланып отыр.
Бұл қосымша су жинауға және 120-дан астам елді мекенде су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 8 су қоймасы салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168525/)