Сенат депутаттарының сайлауына бір ай қалды. Үміткерлер қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар атынан, мәслихат өкілдері арқылы кандидатурасын ұсына алады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысуға да мүмкіндігі бар. Саяси науқанға дайындық шаралары кестеге сай жүріп жатыр. Сенатқа 20 өңірден бір-бір депутат сайланады. Астана бойынша 6 үміткер ұсынылды. Өзін өзі ұсынған азаматтардан өтініш қабылдау бүгін аяқталды. Ал тіркеу желтоқсанның 24-іне дейін жалғасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат сайлауы: Өзін өзі ұсынған кандидаттан өтініштер қабылдау аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168585/)