Қарағандылық жастар «Жүректен жүрекке» акциясын өткізіп, түскен қаражатты 20 көпбалалы отбасына көмектесуге жұмсады. Олар жәрмеңке ұйымдастырып, өздері пісірген тағамдарды және қолөнер бұйымдарын саудалаған. Нәтижесінде 640 000 теңге жиналған. Бұл ақшаға 7 көпбалалы отбасыға 3 тоннадан көмір түсіріп берді. Сонымен қатар 13 жанұяға 25 мың теңгеден қаржылай сертификат табыстады. Енді игі шара жыл сайын ұйымдастырылады.
Нағима Құсайынова, көпбалалы ана:
Мен бес баланың анасымын. Үлкенім университетте оқиды. Ал қалғаны мектеп жасындағы балалар. Біз үшін бұл үлкен қолдау. Мерейімізді үстем етіп, жанымызға жылылық сыйлаған жастарымызға дән ризамыз. Алғысымыз шексіз!
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандылық жастар 20 көпбалалы отбасыға көмектесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168734/)