Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты үйге су беру тоқтатылды. Қазір оқиға орнында тілшіміз Дәуренбек Әбдібек жүр. Дәуренбек апаттың ауқымы қандай, қанша үй судан ажыратылған?
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Павлов көшесіндегі диаметрі 200 мм болатын құбыр кеше кешке жарылған. Аққан су құдықтан асып көшеге жайылып кеткесін түнгі сағат 12-де кранның құлағы жабылды. Апаттың салдарынан Павлов, Железнодорожный, Чехов көшелеріндегі сегіз көпқабатты үй мен бірнеше жер үй судан ажыратылды. Қазір жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Апат салдарын жоюға 6 адам мен 4 техникасы бар бригада кірісті. Қазір, міне, жер қыртысын арнайы техника қазып жатыр. Жауапты мамандар кешкі сағат 9-10-ға дейін тесілген құбырды жамап, үйлерге су беруді қалпына келтіреміз деп отыр.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда құбыр жарылып, көпқабатты үйлер сусыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168747/)