Жамбыл облысында 13 қару мен 345 патрон табылды. Тәркіленген қару ішінде автомат, тапанша, 2 тегіс және 7 ойық ұңғылы мылтық, сондай-ақ травматикалық тапаншалар бар. Мылтықтың бірі Мойынқұм ауданындағы 38 жастағы малшыдан, қалғаны Тараз қаласының маңында және аудандарда жасырылған жерінен табылды. Кейбір қарудың нөмірі әдейі өшірілген. Олардың барлығына сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Түркістан облысында тәртіп сақшылары жеңіл автокөлік салонынан екі шолақ және бір аңшы мылтығын тәркіледі. Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысындағы екі ауданда атыс қаруы табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168754/)