Солтүстік Қазақстанда Сенат депуттаттарының сайлауына қатысуға 5 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Олардың қатарында 2 ер және 3 әйел адам бар. Үміткерлердің ең кішісі 37-де болса, ең үлкені 60 жаста. Әзірге 1 кандидат тіркелді. Үміткерлерді тіркеу науқаны 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Теріскейден Сенатқа бір депутат сайланбақ.
Асқар Сақыпкереев, облыстық Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Тіркеуден өткеннен кейін кандидаттардың үгіт жұмысы басталады. Қаңтардың 13-і күні 00:00 сағатқа дейін үгіт жұмыстары, содан кейін 14-і күні сайлау өткіземіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-дан Сенат депутаттары сайлауына бес үміткер өз кандидатурасын ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168768/)