Бас прокуратура автомобиль жолдары саласында жемқорлық фактілерін анықтады. Құзырлы мекеме жүргізген тексеру барысында «Қазгерстрой» ЖШС-нің 43,4 млрд теңгені жымқырғаны белгілі болды.
Сондай-ақ 600 миллионнан астам қаражат тиімсіз жұмсалған. Жобалау-сметалық құжаттаманы жасау кезінде шенеуніктер бағаны негізсіз көтеріп, 70-ке жуық жалған сертификат пайдаланылғаны анықталды.
Қазір барлық заңбұзушылықтар тексеріліп, 23 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеуді жалғастырады.
Дархан Рахымжан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас прокуратура автомобиль жолдары саласында жемқорлық фактілерін анықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168800/)