Пандемия кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға коммуналдық төлем үшін бөлінген 21 миллион теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды.
Жамбыл облысының Қордай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі коммуналдық шығынды өтеуге 26 млн теңге қарастырады. Алайда тексеріс кезінде бөлім басшысы мен 3 қызметкер және бір кәсіпкердің алдын ала сөз байласып, бөлінген қаржының 21 миллион 600 мың теңгесін қалтаға басқаны анықталды.
Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 19 млн теңгеге жуық қаражат мемлекет есебіне өндірілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында пандемия кезінде қаржы жымқырғандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168829/)