7-20-25 бағдарламасының мерзімін ұзарту – баспананың қымбаттауына әкеледі. Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Айтуларынша қазір пәтерге сұраныс азайып, баға тұрақталып келеді. Енді 7-20-25 бағдарламасына қосымша қаржы бөліп, мерзімін ұзарту сұранысты қайта арттырады дейді. Ал сұраныс бар жерде бағаның шарықтайтыны нарық заңы. Айта кетейік, 7-20-25 бағдарламасына жалпы 1 триллион теңге бөлінген. Қазір оның 180 миллиард теңгесі қалды. Қаржы толық игерілген соң, бағдарлама жабылуы тиіс. Десе де Ұлттық банк оны 2029 жылға дейін ұзарту жайын қарастырып жатыр.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«7-20-25» бағдарламасының мерзімін ұзарту баспананың қымбаттауына әкеледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168849/)