Елімізде жанармай бағасына енгізілген шекті баға мерзімі ұзартылмақ. Өйткені оның уақыты келесі айдың 9-ында аяқталуы тиіс. Бірақ Энергетика министрлігі солярка мен бензинге енгізілген шекті баға мерзімін ұзартуды көздеп отыр. Бірақ нақты қанша уақытқа екені әзірге белгісіз. Министрлік жариялаған бұйрық жобасына сәйкес, Ай-92 мен 93-тің шекті бағасы Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 187 теңге, өзге аймақтарда 182 теңге болып қала бермек. Ал дизельдің бағасы 230-260 теңге аралығында болмақ. Құжат әзірге ашық талқылауға шығарылған. Күшіне енген жоқ.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жанармай бағасына енгізілген шекті баға мерзімі ұзартылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168927/)