Қостанай облысында қатты боран салдарынан бірқатар мектеп қашықтан оқытуға көшті. Меңдіқара, Қарабалық, Майлин мен Федоров ауданында 11 сыныпқа дейінгі оқушыларда сабақ онлайн режиміне көшкен.
Ал Лисаков қаласында 8 сыныпқа дейінгі балалар мектепке бармайды. Сонымен қатар Ұзынкөл ауданында 14 мектептің, Қостанай ауданында 1 мектептің бастауыш сыныптары қашықтан оқиды.
Аймақта желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жеткен. Әзірге жолдардың жабылуы мен зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында мектептер қашықтан оқытуға көшті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168943/)