Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Ол Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі. Сонымен қатар, бауырлас елмен достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында қос президент Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған жобалар аз емес. Осы ретте екі ел басшысы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына жоғары баға берді.
Серік Селеубайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Әзербайжан басшысын құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169009/)