Бағаны ұстап тұрудың тиімділігін арттыру үшін негізгі мемлекеттік тетіктердің жұмысы қайта форматталды. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Үкіметтің цифрлық кеңсесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу мәселелері бойынша кеңес өтті. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері азық-түлік 22,3 пайызға қымбаттаған. Келесі жылы делдалдармен, бағаны негізсіз өсірген монополистермен күресті күшейту жоспары тұр. Сонымен қатар ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтуға айрықша көңіл бөлінеді. Премьер-Министр қымбатшылыққа қарсы шаралар толықтай қайта қаралатынын атап өтті.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Инфляцияның жоғары қарқыны экономиканың үдемелі дамуына мүмкіндік бермейді және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Осыған байланысты келесі жылы оны 2 есеге төмендету бойынша жұмыс – ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Бұл жұмыста формалдылық болмауы тиіс.
Серік Селеубайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкіметтегі кеңес: Инфляцияны төмендету мен азық-түлікпен қамту міндеті қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169010/)