Шетелде тіркелген оң жақ рөлді автокөліктерді Қазақстанда заңдастыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы Сенат отырысында Ішкі істер министрлігіне қарасты әкімшілік полиция комитетінің басшылығы мәлімдеді. Бірақ бұл біржолғы мүмкіндік.
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге ғана қатысты. Бүгінде 20 мыңға жуық осындай көлік бар. Жалпы ел аумағында заңдастыруға жататын автокөліктер саны 300 мыңнан асады.
Сондай-ақ Сенат отырысында Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру бойынша заң жобасы қаралды. 40-қа жуық заң мен 20 нормаға өзгеріс енгізілмек.
Әсима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оң жақ рөлді көліктерді тіркеуге рұқсат беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169061/)