Жапонияда да бірнеше күннен күн суытып, жұртты әбігерге салып отыр. Боран соғып, қалың қар жауған. Ауа-райының нашарлауынан 17 адам қаза тауып, 87 тұрғын жараланды.
Кей аумақтарда қардың қалыңдығы 1 метр 20 сантиметрге жеткен. Ниигата префектурасында электр жарығы өшіп, 2 мыңдай үй қараңғыда қалды. Жолдар жабылып, көлік қатынасы қиындады. Елдің солтүстігінде ұшақ пен пойыздардың қозғалысы шектелді.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда боран соғып, қалың қар жауды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169065/)