Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Сайлау 14 қаңтарда өтеді.
Маңғыстау облысы бойынша саяси науқанда бақ сынауға 7 азамат ниет білдірген. 1 кандидат мәслихаттың шешімімен ұсынылды.
Ал қалғандары өз-өздерін ұсынған. Алайда үміткерлердің көбі қойылған талаптарға сай келмей, тек 3 кандидат тіркелді. Оның екеуі мемлекеттік қызметші, біреуі кәсіпкер.
Елубай Әбілов, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу 13 қаңтар 00:00 уақытқа дейін жүргізіледі. Кандидаттарымыз таңдаушыларымен кездесу арқылы үгіт-насихат жүргізе алады. Және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Таңдаушылар дегеніміз-облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттары.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат сайлауы: Маңғыстауда үгіт-насихат жұмыстары басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169071/)