Бизнес бастағысы келетін жастарға келесі жылы 23 миллиард теңге бөлінбек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша бұл қаржыға 6 мыңға жуық жеңілдетілген несие беру көзделген. Кредит көлемі 5 миллион, мерзім 5 жыл. Ал жылдық мөлшерлеме небары 2,5 пайыз. Несие кәсіп ашқысы келетін 21 мен 35 жас аралығындағы қыз-жігіттерге конкурстық негізде келесі жылдан бастап берілмек. Жастарға арналған мұндай қолдау кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба аясында көрсетілмек.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бизнес бастағысы келетін жастарға келесі жылы 23 миллиард теңге бөлінбек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169112/)