Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бастаған Палата депутаттары Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысымен танысты.
Сенат төрағасы елімізде денсаулық сақтаудың сапасын арттыруда осындай орталықтардың рөлі үлкен дейді. Мұнда заманауи «Гамма-пышақ» кешені орнатылған. Ол күрделі нейрохирургиялық ота жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ депутаттарға госпитальдық фармация бөлімшесінің қызметі таныстырылды. Онда емдеудің тиімділігі мен дәрілік заттарды пайдаланудың ұтымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар бар.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Cенат депутаттары Ұлттық нейрохирургия орталығында болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169144/)