Президент Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді. Сондай-ақ, мұражайда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті. Бүгін Президенттің Санкт-Петербург қаласына жасаған жұмыс сапары аяқталды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169156/)