Америка Құрама Штаттарында қатты аяз бен боран кезінде қаза тапқандар саны 62-ге жетті.
Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай әсіресе Буффало штатында күрделі. Мұнда жеке транспортпен жүруге тыйым салынды.
Жалпы ел аумағында 200 мыңдай адам электр жарығынсыз отыр. 4600-дей ұшақ рейсі тоқтатылған. Жолаушылар әуежайларда түнеуге мәжбүр. Ал Монтана штатында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендеді.
Метеорологтардың болжамына сай, боран алдағы бірнеше күнде басылуға тиіс. Дегенмен тұрғындарға аса қажет болмаса жолға шықпауға кеңес берілді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та қатты аяз бен бораннан 62 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169187/)