Қызылордада түрлі саланың үздіктері анықталды. Әсіресе өңірдің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдары марапат төрінен көрініп, сый-құрметке бөленді. Жыл үздігі номинациясын иеленгендер қатарында тазалықшы, слесарь, әлеуметтік қызметшілер бар.
Сондай-ақ қоғамның өткір мәселесін қаламына арқау етіп жүрген аймақ журналистері марапатталды. Салтанатты шарада еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетілді.
Гүлсім Көшекова, әлеуметтік сала ардагері:
Әр уақытта біздің қазақ халқы өзі еңбеккқор халық қой. Ешқандай шеніне қарап, басқасына қарап бөлу жоқ. Мен өзім қазір ардагермін, сонда да соның бәрін елеп жатыр көп-көп рақмет!
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада әр саланың үздіктері марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169286/)