Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Астанаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасарлары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен келіссөз жүргізді. Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Өзбекстанға жасаған сапары кезінде жасалған уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өзара сауда-саттықты ұлғайту, бірлескен сыртқы сауда компаниясын құру, көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту және тиісті инфрақұрылым мен өнеркәсіпті дамытуға қатысты шаралар қаралды.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарларымен келіссөз жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169305/)