Ауа-райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінде жедел штаб құрылды. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.
Облыс аумағында қазір 10 уақытша жылыту пункті ашылған. Сонымен қатар 700-ден астам құтқарушы техникасы дайын. Ауа райы туралы SMS-хабарламалар «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы таратылады. «Қазгидромет» орталығы өңірде қарлы боран әлі басылмағанын хабарлады.
Қазіргі уақытта халықаралық және республикалық автожолдардың 7 учаскесі жабық тұр.
Олжас Керейхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169463/)