Елордада шағын футболдан жарыс өтті. Қатысушы 9 команданың ішінде полиция қызметкерлерімен қатар, БАҚ өкілдері де болды.
«Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орайластырылған бәсеке салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, түрлі сала мамандарының өзара қарым-қатынасын жақындата түседі. Сондықтан, бұл турнир енді дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады» - деді жарысқа мұрындық болған Күзет полициясының өкілдері.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1695/)