Ақмола облысынан Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Тіркелген кандидаттың үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Үміткердің біреуі - басқарма басшысы, екіншісі - облыстық мәслихат хатшысы, үшіншісі - қосымша білім беру ұйымының жетекшісі. Олар мәслихат депутаттарымен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып жүр. Үгіт-насихат жұмысы 13-ші қаңтарға дейін жалғасады. Ақмола облысында 234 мәслихат депутаты бар. Олардың барлығы Көкшетауға келіп бір жерде дауыс береді.
Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Сағат 11-де басталады. Біткеннен кейін қорытындылап айтатын боламыз. Кім-кімге дауыс берді, бәрі жиналған кезде хабарлап айтамыз.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жүргізуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169512/)