Қызылорда облысынан алдағы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына үш үміткер тіркелді. Жалпы аймаққа бір мандат берілген. Сайлау алдында өңірден 8 кандидат өзін-өзі ұсынған болатын. Бірақ 5 үміткер тіркеуден өтпей қалды.
Қазіргі таңда облыстық Сайлау комиссиясы нақты 3 кандидатты тіркеген. Бүгінде олар үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ таңдау жасайтын жергілікті Мәслихат депутаттарының тізімі де белгілі болды.
Ғалым Баймұрзаев, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:
Облыстық сайлау комиссиясымен таңдаушылардың тізімі жарияланып, дауыс беруге қатысатын Мәслихаттардын 147 депутатының 1 пайызын қоса алғанда 148 сайлау бюллетенін әзірлеу туралы қаулы қабылданды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат сайлауы: Қызылорда облысынан 3 үміткер тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169557/)