Ұлттық валюта долларға шаққанда 2 теңге 40 тиынға нығайды. Қор биржасында АҚШ валютасы 463 теңгеге теңесті. Еуро 5 теңгеге қымбаттап, 493 теңгеге сатылып жатыр. Рубль құны 6 теңге.
Ұлттық банк өткен айда валюталық интервенция жүргізбегенін хабарлады. Дегенмен былтыр базалық мөлшерлеменің 10,25%-дан 16,75%-ға дейін төрт рет өскенін айта кетейік.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық валюта долларға шаққанда 2 теңге 40 тиынға нығайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169580/)