Жамбыл облысынан Парламент Сенатының депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен 5 кандидат тіркелген. Бірақ кейін 2 үміткер облыстық сайлау комиссиясына өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берген. Қалған 3 үміткер аймақтағы елдімекендерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. 14-ші қаңтарда облыстағы жергілікті мәслихаттың 206 депутаты жасырын түрде дауыс беріп, олардың арасынан кім Сенат депутаты болатынын анықтайды.
Серғали Айдапкелов, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Қазіргі кезде үгіт-насихат жұмысына 3 кандидат өз жұмыстарын атқаруда. Олар енді негізінен ақпарат құралдары арқылы және мынау таңдаушылармен кездесу, қоғамдық ұйымдармен кездесу жұмыстарын атқарып жатыр. Бүгінгі күнге облыстық сайлау комисиясына кандидаттар тарапына, үгіт-насихат жұмысы барысында заң бұзушылық туралы ақпарат түскен жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат сайлауы: Жамбыл облысында 3 кандидат үгіт-насихат жұмысын атқаруда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169581/)