Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды. Оны бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық жасады деген күдікпен ұстады. «Жедел-тергеу жалғасады. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деді комитет өкілдері. Еске сала кетейік, Мақсат Қожабаев өткен жылы 21 сәуірде Президент өкімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған болатын.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169623/)