Алматыда ірі көтерме сауда нысандарының бірі – «Арлан» базарының аумағынан өрт шықты. Қызыл жалын кешкі 17:00 шамасында тұтанған. Базар аумағында 100 шаршы метр контейнерлер жанған. Оқиға орнына 60-тан астам маман, қалалық өзара іс-қимыл қызметі 16 бірлік техникамен дереу жеткен. Өртті сөндіруге, маңайдағы контейнерлерді қорғауға арналған құралдар енгізілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 1,5 сағатта қызыл жалын толық өшірілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда ірі көтерме сауда нысаны «Арлан» базарынан өрт шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169626/)