Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға берілетін азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы енді берілмейді. Оның орнына ақшалай төлем жасалады. Бұл өзгеріс ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған. Әр балаға - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни 5 мың теңгеден аса төленеді. Бұдан бұлай ата-аналар балалардың қажеттілігіне байланысты керек тауарды өздері сатып алады. «Алтын алқасы» бар, «Батыр ана» атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері табысталған аналардың жәрдемақысы да ұлғаяды. Оларға енді ай сайын 25 530 теңге төленеді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға қаржылай төлем жасалмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169630/)