Жетісу облысында Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр.
Өңірлік сайлау комиссиясына 7 азамат өз кандидатурасын ұсынған. Бірақ олардың тек 3-нің құжаты толық болып, сайлау додасына түсу құқығына ие болды. Кандидаттардың орташа жасы – 47-де. Жалпы Жетісу облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының саны – 148. Бүгінгі күнге дейін облыстық сайлау комиссиясына үміткерлер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.
Тимур Дәуітов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:
Бір кандидат ҚР Парламенті Сенатының қазіргі депутаты. Бір мемлекеттік ұйым қызметкері, бір мемлекеттік қызметші бар. 14 қаңтарда мәслихаттардың барлық депутаттарын шақырамыз. Олар таңдаушылардың бірлескен отырысында депутатты сайлайды.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісу облысында Сенат сайлауына үш үміткер тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169644/)